kz

RU
EN
KZ
Исламбек Қуат - «Таразға» қарсы матчтың үздік ойыншысы
10 мам 2021

 

Instat аналитикалық компаниясы Қазақстан чемпионатының 10-шы туры аясында өткен «Тараз» - «Астана» матчы бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады.

Instat Index бойынша матчтың үздік ойыншысы жартылай қорғаушы Исламбек Қуат атанды. Елордалық команданың 28 жастағы ойыншысы алаңға екінші таймда шығып, жеңіске жеткен жекпе-жектердің пайызы бойынша (86%) матчтың көшбасшысы атанды, сондай-ақ ол 100% дәл пас беріп, 6 рет қарсылас шабуылын тоқтатты.

Екінші орында жалғыз голдың авторы Абзал Бейсебеков. Ол матчта екі позицияда ойнады – алаңның ортасында және қорғаныстың сол жағында. Бұл ретте Абзал 6 рет қарсылас шабуылын тоқтатып, 78% дәл пас берді.

Үздік үштікті Марин Томасов түйіндеді. Хорватиялық футболшы қақпаға бағытталған соққы саны бойынша матчтың көшбасшысы атанды – 4, сондай-ақ алаңның соңғы үштен бір бөлігіне пас беру беру бойынша үздік болды - 12.

Instat Index бойынша үздік 5 футболшы:
1.Исламбек Қуат 261
2.Абзал Бейсебеков 260
3.Марин Томасов 243
4.Жарко Томашевич 239
5.Валерий Чуперка 239

Бас серіктес