Футболдан Қазақстан чемпионатының 5-ші турында «Астана» сырт алаңда «Ордабасы» командасын ірі есеппен ұтты. Сол ойынның қаһармандарының бірі – Исламбек Қуат. Елордалық команданың жартылай қорғаушы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында өткен ойында жеңіске жетелген факторлар туралы айтып, чемпиондыққа үміткерлерді болжап, «Ақтөбе», «Тараз» және «Қызылжар» командаларының жақсы ойындарын атап өтті.
- Исламбек, «Ордабасыға» қарсы ойнағанға дейін соңғы рет қай кезде екі нәтижелі пас бергеніңіз есіңізде ме? Жалпы алғанда, сіз команданың шабуылана белсенді қатыстыңыз, бұл ойын алдындағы жоспар ма әлде сәйкестік пе?
- Мен жеке статистикаға мән бермейді екенмін, мен үшін ең бастысы – команданың нәтижесі. Шабуылдағы әрекеттеріме келсек, бапкерлер штабы бізге әрдайым шабуыл тобына көмектесіп тұрыңдар дейді, сондықтан бапкер тапсырмаларын барынша орындауға тырысамыз.
- Сіздің «Астанадағы» ойын уақытыңыз әр матч сайын артып отырды, қазір толық 90 минут ойнадыңыз. Бұл өз формаңызға келдіңіз деген сөз бе?
- Мен толық матч ойнамағалы көп болды, сондықтан өзімнің оңтайлы формама келдім деп айту әлі ерте шығар. Дегенмен әр ойын сайын күш жинап, жақсы ойын көрсетуге үміттімін.
- «Астана» «Ордабасыны» алаң ортасында жеңді деп айтуға бола ма? Себебі елордалық команданың жартылай қорғанысында сіз, Чуперка және Шимунович сияқты тәжірибелі футболшылар ойнаса, қарсылас командада жас Астанов пен Шәмші болды.
- Біз бұл матчта команда ретінде ойнауға тырыстық, әрине, қателіктер де болды, бірақ меніңше біз жеңіске тек командалық ойын арқасында жеттік.
- Маусымның қазіргі кезеңінде турнир кестесін бақылап отырасыз ба әлде қазір ол маңызды емес пе? Сондай-ақ ел чемпионатының көшбасшылары қатарында «Тараз» сияқты команданың болуы сізді қаншалықты таң қалдырды?
- Әзірге турнирдегі жағдайға қатысты нақты бірдеңе айту ерте, себебі бар-жоғы 5 тур өтті. Менің ойымша, енді 3-4 тур өтуі керек, сол кезде биыл қай команда қандай орынға таласатыны көріне бастайды. Дегенмен фавориттер өзгерген жоқ, олар сол «Астана», «Қайрат», «Тобыл» және «Ордабасы». Меніңше, чемпиондыққа дәл осы командалар таласады. Дегенмен біріншілік басында «Тараз», «Ақтөбе», «Қызылжар» сияқты командалар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр, сондықтан чемпионат қызықты болады деп ойлаймын.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» Шымкенттегі жеңісінен кейін, сондай-ақ «Қайрат» «Каспиймен» ұпай бөліскен соң турнир кестесінің 1-ші орнына шықты.