kz

RU
KZ
Исламбек Қуат: «Үйге қайтқаныма қуаныштымын»
16 нау 2021

 

Исламбек Қуат өзі тәрбиленген «Астана» сапына қайтып оралды. 28 жастағы жартылай қорғаушы өз эмоцияларымен клубтың баспасөз қызметімен бөлісті:
- Үйге келгеніме қуаныштымын! Мен «Астананың» тәрбиеленушісімін, мансабымды осында бастадым, туған қалама қайта оралу маған мансабымды қайта бастауға көмектеседі деп сенемін.
- «Астана» сапына қайта оралу туралы шешім қабылдауда басты фактор не болды?
- Таңдау жасауымдағы басты себеп - басшылық пен бас бапкер маған қызығушылық танытты. Андрей Валерьевич жеке әңгімесінде маған сенетінін айтты, қазір мен үшін бұл өте маңызды, өйткені соңғы уақытттарда ойнамай жүрмін, Қазақстан құрамасына оралып, командаға пайдамды тигізгім келеді.

Бас серіктес