Катарға жұмыс сапары аясында "Астана" футбол клубының атқарушы директоры Давид Лория Qatar Aspire әлемдік жасөспірімдер академиясында болды.
- Сапарымның аясында әлемдегі ең заманауи академиялардың бірінің жұмысы туралы көптеген пайдалы мағлұмат алдым. Әріптестерімізден үйренеріміз көп,-дейді Давид Григорьевич.
Академияны 2004 жылы шейх Жасим Аль Тани құрған. Осы жылдар ішінде Академияның скауттары Африка, Азия және Латын Америкасының 17 елдеріндегі 17 миллионнан астам ұлды іріктеуден өткізіп, олардың ең үздіктерін өз қатарына алды. Академия түлектері Бельгия және Испания клубтарында өнер көрсетеді.