«Астана» Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында ертең Черногория чемпионы «Будучность» командасына қарсы ойнайды.
Осы кездесу алдында елорда командасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский ойын туралы пікірімен бөлісті:
- Барлығы алдағы ойынды асыға күтті. Еуропалық ойындардың орыны ерекше. Турнирдің форматы өзгерді, небәрі бір ғана ойын, сондықтан да бәріне дайын болуымыз керек. Кездесу барысында барынша мұқият болып, қателік жібермеуге тырысуымыз қажет.
– Жаттығу барысы қалай өзгерді? Команда Билектің кеткенін қалай қабылдады?
– Бапкерлер құрамындағы өзгеріс, команданы бір серпілтіп тастады. Барлық жігіттер өз істерін кәсіби түрде атқарып, жаттығу жұмыстарында 100% еңбектеніп жатыр. Пол барлығымызды жақсы біледі, оның клубқа келгені бірінші ай емес. Бізге өте ыңғайлы. Барлығы оның бізден не қалайтынын жақсы түсінеді. Бізде футболшылардың үлкен тобы бар және қазір біз үшін маусымның ең маңызды кезеңі екенін жақсы түсінеміз.
– Команда ішіндегі көңіл-күй қалай?
– Біз тек жеңіс үшін алаңға шығатын боламыз. Ертең тек қана «Астана» үшін емес, ел намысы үшін ойнаймыз. Әрине, тамыз айы біз үшін қиын болды: Чемпиондар Лигасындағы жеңіліс, ішкі біріншіліктегі сәтсіз ойындар. Дегенмен, халықаралалық үзіліс бізге қол болды деп ойлаймын. «Ордабасыға» қарсы ойында үзіліс бізге оң жағынан әсер еткендігі анық байқалды. Барлығы жүз пайыз дайын және чемпионатта көп ұпай жоғалтып алғанымызды жақсы түсінеді. Қазір біз өз беделімізді, имиджімізді қайтаруымыз керек. Сондықтан, ойынға дайындалу тұрғысында ешқандай мәселе жоқ.