kz

RU
KZ
Иван Маевский: «Біздің командаға қосылған жаңа ойыншыларда бейімделу тұрғысында ешқандай мәселе жоқ»
25 мам 2020

«Астана» жартылай қорғаушысы Иван Маевский «Апта қорытындысы» (Итоги недели) бағдарламасына берген сұхбатында Беларусь чемпионатына оралу мүмкіндігі туралы пікірімен бөлісті:
— Қазақстанда жағдай қалай: жаттығу жұмыстары басталды ма?
— Ақарындап бастап жатырмыз. Бізге ашық алаңда жаттығуға рұқсат берді. Себебі «Астана Аренада» жасанды алаңды ауыстырып жатыр. Сондықтан бізге кішірек алаң тауып берді.
— Макс Эбонг қалай: бейімделіп үлгерді ме?
— Бәрі орынша. Қажет дүниелерді менен сұрап тұрады. Барлық жігіттер жақсы. Оны тек карантиннен кейін, яғни екі айдан соң көрдім. Одан шашыңды өсіріп, өруді қолға алдың ба деп сұрадым.
— Сіз алдағы уақытта Беларусь чемпионатының жоғарғы лигасына оралуыңыз мүмкін бе?
— Барлығы болуы мүмкін. Ешқашан болмайды деп айтуға болмайды. Әртүрлі факторлар болуы ықтимал Мысалға, бапкердің қызығушылығына байланысты. Менің Беларусияда болмағаныма алты жылдан асты. Барлығы мүмкін.

Бас серіктес