Осы кездесу алдында елорда командасының және Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский арнайы сұхбат беріп, алдағы ойынға команданың дайындығы, мүмкіндіктері және карантин кезіндегі жаңалықтары туралы айтып берді:
- Жеребе алдында дәл осы "Динамо Брест" қарасылас атанды деген ой болды ма?
- Шынымды айтсам, жеребеге аса назар аударған жоқпын, барлығын жеңіл қабылдадым. Бірінші ойым, Беларусияға ұшып бару болды. Мен қаңтар айынын бастап үйге барған жоқпын. Короновирусқа байланысты ол мүмкін болмады. Жеребені Макс Эбонгпен талқыладық. Әрине, ұлттық құрама сапындағы достарымызға қарсы ойнау қызы болары анық. Біз көбіне өзіміздің қазіргі жағдайымыз туралы сөйлестік. Себебі, ұзақ уақыт ойнаған жоқпыз. Ең бастысы – алдағы ойынға барынша тыңғылықты дайындықпен келу.
-"Ұзақ уақыт ойнаған жоқпыз" — бұл дегеніңіз реми ойындарсыз бес ай. Қандай да бір уайым бар ма?
- Әрине, бар. Бес ай бойында ойын өткізбеудің қандай екендігін түсініп отырған боларсыз. Бұл оңай емес. Мұндай үлкен үзілістер футболшы мансабында күрделі жарақатына байланысты ғана болуы мүмкін. Тек қана жаттығу жасап жүре беру өте қиын. Ресми ойындарсыз өз бабыңда болу мүмкін емес. Бұл туралы кез келген спортшы айта алады. Қазір дәл осындай ұқсас жағдайлар жеткілікті. Мысалға, «Лион» командасы «Ювентус» пен «Ман Ситиге» қарсы кездесуге дейін ұзақ ойнаған жоқ. Алайда, ойын тәжірибесінің аздығы Чемпиондар Лигасында өз әсерін бермеуі қажет. Себебі, бұл турнирде сен ойынға дайын болмағанның өзінде, барынша тырысып, ерекше ерік-жігер танытып, қажет болса жүз жиырма пайыз өзіңнің барыңды салуың қажет. Біз тап болған жағдай алдағы ойынға өз әсерін бермейді деп үміттенемін. Шын мәнінде қалай боларын, ойын барысы көрсетеді.
- Ойынның жанкүйерлерсіз, сырт алаңда өтуі екі команданың мүмкіндігін теңестіре ала ма?
- Иә, менің ойымша теңестіреді. Егер елдегі және әлемдегі жағдай тұрақты болған кезде, Бресттегі стадионға жанкүйерлер лық толып, өз командаларына ерекше қолдау көрсететін еді. Ал ойынның жанкүйерлерсіз өтуі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мүлде басқаша көрінеді. Шынында, бұл жағдай екі команданың мүмкіндіктерін теңестіреді деп ойлаймын.
-Бресттегі ең есте қалған ойын қандай болды?
- Соңғысы – ұлттық құрамадағы венгрлерге қарсы ойын. 1:1 есебі тіркелді. Бұл жақта ойнамағаныма өте көп болды. Сондықтан, есіме де түспей отыр.
- "Астана-Аренадағы" жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ па?
- Жоқ. Ол жақтағы жағдай да короновирусқа байланысты қиын болып тұр. Арнайы мамандар елге жете алмай жатыр. Мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ. Жөндеу жұмыстары жақын арада аяқталады деп уәде беріп отыр. Жасанды алаң жақсы сапада болады деп жатыр. Су шашу жүйесі де автоматтандырылмақ. Бірақ, бұл жұмыстардың нақты қашан аяқталатынын білмеймін. Біз соңғы уақытта Алматыда болып, чемпионаттың қайта жалғасқанын күттік.
- Мұның қалай екенін түсіндіре аласыз ба? Сонда барлық командалар бір қалаға жиналып, қайта бастауға дайындалды ма?
- Жоспар былай: командалардың қозғалуын азайту үшін барлығы бір жерде жиналуы қажет болды. Біз ұзақ уақыт үзілісте болып, көп ойындар өтпей қалғандықтан, алда өткізетін кездесулер өте көп. Сондықтан, екі күннен үшінші күнге ойындарды өткізу жоспарланды. Осыған байланысты командалар бір жерге жиналды. Ойыншылардың қалыпқа келулеріне де уақыт жеткілікті болады. Ол үшін Алматы қаласына таңдау түсті. Мұндағы инфрақұрылым өте жақсы, жасыл алаңдар мен қонақ үйлер жеткілікті. Біз бұл жаққа ерте келдік. Мысалға, Никита Наумов ойнайтын «Жетісу» командасы Алматыдан екі жүз шақырым жерде дайындалып жатыр. Олардың бұл жаққа екі сағат автобуспен жүріп келуіне себеп те болған жоқ. Әзірге қарсыластарымыздың ешқайсымен жолымыз түйіскен жоқ. Көшеге артық шықпауға тырыстым. Чемпионат 18 тамыз қайта жалғасады. Себебі, елдегі карантин 17 тамызға дейін.
- Қарымта ойынның болмайтынын ескеретін болсақ, «Динамоға» қарсы ойын Сіздің ойыңызша қандай сипатта өрбуі мүмкін?
- Бізге қорғаныс пен шабуылды қатар ойлау қажет болады. Қандай да бір баланс болуы шарт. Себебі, қателікке бой алдырған жағдайда, оны түзетуге уақыт та болмайды. Сондықтан, екі ұжым да абайлап ойнайтыны анық. Командалар барынша ұқыптылық танытады деп ойлаймын. Әсіресе, ойынның алғашқы минуттары солай өрбитіні анық. Бір ойынның аты бір ойын. Кім аз қателік жіберсе, сол келесі кезеңге өтеді. Және де нақты эпизодтарда жекелей шебер ойыншылардың дұрыс шешім қабылдауы да маңызды болмақ.
- «Астанада» БАТЭ командасына қарсы екі ойындағы жеңістен кейін қандай да бір сенімділік сезіле ме?
- Жалпы алғанда, біз бұл тақырыпта мүлде сөйлеспейміз. Бұл туралы көп жазып жатыр. Ол кездегі теке-тірес пен алдағы ойын – екі бөлек тарих. Оған қоса, қазір бір ғана ойын. Бұл жерде сен жеңіске жетуің де мүмкін, жеңіліп қалуың да ықтимал. Барлығы өте маңызды, күрделі матч болатынын жақсы түсінеді.
- Бұл жағдайда командалардың мүмкіндіктері 50 де 50 деген пікірмен келісесіз бе?
- Толықтай келісемін. Мұны көптеген факторлар көрсетіп отыр.
- "Динамоның" соңғы уақыттағы ойын күнтізбесінде орын алып жатқан өзгерістері екі команданың мүмкіндітерін теңестіреді деп ойлайсыз ба?
- Сөзсіз. Брест екі апта бойында ресми ойын өткізген жоқ. Оларда короновирусқа және ойындардың уақытының өзгеруіне байланысты қиын жағдайлар болды. Бірақ қайталап айтайын: бір ойында екі команданың мүмкіндіктері анық теңеседі.
- Осыған дейін «Астана» сапынан төрт ойыншы пневмониямен, тағы төрт футболшы короновирустың симптомсыз түрімен ауырды деп хабар болған еді. Сіз осылардың қатарында болған жоқсыз ба?
- Жоқ. Менде қандай да бір аурудың симптомы болды. Бірақ, короновирус тестінің сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Маған жәй ғана суық тиді деп ойлаймын. Құдайға шүкір, барлығы жақсы. Команда құрамындағы барлық футболшылар қатарға оралды.
- «Астананың» жаңа бапкері Михал Билек ойын барысына және тұрмыс жағдайына қандай өзгерістер енгізді?
- Ол өзіндік өзгерістер әкелді. Мысалға, оқу-жаттығу жиынында барлығымыз тамақтануға бірге барамыз. Соңғы адам тамақтанып болғанға дейін барлығымыз орнымыздан тұрып кетпей күтеміз. Жалпы бізде бұрын ондай болмаған. Дегенмен, мен бұл жағдайға дұрыс қараймын. Әр бапкердің өзіндік көзқарасы бар. Оны талдау қазір өте қиын. Біздің дайындық барысымызда үзілістер көп болды. Ойнап бастадық, артынша екі ай үзілісте болдық, ал қайта жаттығу жұмыстарына оралған кезде, футболшылар ауырып қалды. Айтатын көп дүние бар. Бірақ, ойын алдында олар жайлы ештеңе айтқым келмейді.
- Қазақстандық жанкүйерлердің көбісі соңғы уақытта «Астана» командасының қорғанысқа көп көңіл бөлетіні туралы пікір білдіруде.
- Қалай айтсам болады... Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында біз түрлі ойын схемасын пайдаландық – үш қорғаушы, төрт қорғаушы. Әртүрлі нұсқаларды байқап көрдік. Үш орталық қорғаушы жүйесімен ойнау бізге қол болмағандай көрінді. Себебі, біз соңғы жылдарда бірінші нөмірмен ойнауға дағдыланған едік. Бірақ, бірқатар командалар осы тактикамен ойнап-ақ, жақсы шабуылдай алады. Чемпионаттың алғашқы ойынында біз төрт гол соқтық, сосын бір және үш гол. Осы ойындарда қақпамызға үш гол жібергеннің өзінде, үш ойында сегіз гол соғу менімше жаман нәтиже емес.
- Макс Эбонгтың жағдайы қалай? Осындай қиын жылда шет елге ауысқанына өкініп жүрген жоқ па?
- Қандай өкініш болуы мүмкін? Дәл мұндай жағдайға тап боламыз деп ешкім де күткен жоқ. Бұл жағдайда ештеңе де жасай алмайсың. Ең бастысы – денсаулық. Онда барлығы жақсы. Макс – өте еңбекқор, жақсы жігіт. Оған қолымнан келгенше көмектесіп жатырмын. Менің ойымша, оның болашағы өте зор. Жұмысқа деген талабын тоқтатпайтын болса, жақсы нәтижеге жете алады.
- Көктемде Сіздің қызыңыз дүниеге келді. Карантин жағымды отбасылық жағдайда өтті ме?
- Бір жағынан жақсы, екінші жағынан әйелім мен жас сәби менімен бірге емес. Өкінішке қарай, әйелім босанған кезде жанында бола алмадым. Алғашқы сәтте де олармен қауышып, жандарында болмадым. Карантинде болдым. Жұбайыма толықтай көмектесуге мүмкіндігім болмады. Тек қана бейне байланыспен сөйлесіп отырдық. Әрине, әр күнім қуаныш пен бақытқа толы болды. Бірақ, аздаған өкініш те болғанын айта кеткен жөн. Олар әлі де маған келе алмай жатыр. Біріншіден, наурыз айынан бері әуе жолдары жабық. Екіншіден, кішкентай бүлдіршінді алып ұшақпен ұшу қауіпсіз дей алмаймын. Егер ондай мүмкіндік болғанның өзінде, мен жүз рет ойланған болар едім. Дәл қазір мен үшін бірінші орында сөзсіз отбасым.
- Сонда қызыңызды әлі де көрген жоқсыз ба?
- Көрдім. Маусым айының соңында чемпионатты қайтадан кейінге қалдырған кезде, бапкерлер құрамы мен клуб басшылығы мені әйеліме барып келуге жіберді. Бір апта демалыс берді. Ұшып барып, жандарында болдым. Әйелімнің ата-анасы жанында болып, оған көсектесіп жатқандығы қуантады. Сондай қиын жағдай. Менің ата-анам да Беларусиядан Ресейге ұшып бара алмай жатыр.
- Әке атанған сәттен кейін өзіңдегі болған өзгерістерді байқадың ба?
- Әрине. Бұл үлкен бақыт және үлкен жауапкершілік. Ең алғаш қызымды қолыма алған сәтте, өмірде одан құнды ештеңе ұстап көрмегендей сезімде болдым. Бірақ, әлі де өзімді толыққанды сезіне алмай жатырмын.
- Сіздің әйеліңіз белгілі ресейлік бапкер Юрий Красножанның қызы ғой?
- Иә, дәл солай. Ол кісі жақсы маман, әрі жақсы адам.
- Футбол туралы жиі сөйлесесіздер ме?
- Әрине, сөйлесіп тұрамыз. Бірақ, жиі деп айта алмаймын. Қазір көбіне оның немересі, менің қызым туралы сөлесеміз.
- Сіздің жұбайыңыз біраз уақыт бұрын спорт менеджері болып жұмыс істеді ме?
- Иә. Мәскеуде, сосын «Анжи» футбол клубында.
- Карантин кезінде немен айналыстыңыз?
- Ағылшын тілін оқып, жас әке ретінде балаларды тәрбиелеу туралы әртүрлі кітаптар оқыдым. Бірақ, әзірге бұл тұрғыда кеңес бере алмаймын. Себебі, әйелім мен қызымның жанында әрдайым бірге бола алмай жатырмын.
- Сізді ағылшын тілді елдің клубында көріп қалуымыз мүмкін бе?
- Мәселе онда емес. Тіл білу қажет. Қазіргі әлемде ағылшын тілін, ең дұрысы тағы бірнеше тілді білген жөн. Әртүрлі өмірлік жағдайларда адамдармен оңай қарым-қатынас жасау үшін бұл ауадай қажет. Бұрынғы командаларымдағы бірнеше жігіттермен әлі де хабарласып, араласып тұрамын. Алдағы уақытта тіл білу өз көмегін тигізеді. Мысалға, бапкерлік қызметте. Менің осыған дейін белгілі дәрежеде білімім болды, ағылшынша сөйлесе аламын. Мектептен бері көп нәрсені ұмытып қалдым. Соларды еске түсіргенді жөн көрдім. Бәрін жаңадан бастап, сөйлем құрастыруды үйрендім. Карантинде уақыт жеткілікті болды.
- «Астана» сапындағыдай басқа командада көп уақыт өткізген жоқсың. Бұрынғы клубтарыңмен салыстырғанда, осы жақ Сізге көбірек ұнады ма?
- Әр клубтың өзіндік тарихы бар. Енді бірі қалуға үгіттесе, бірі кетуге итермелеген сәттер болды. Мен осы жақта төрт жылдан бері ойнап келемін. Ендеше, барлығы мені қанағаттандырады деген сөз. Мен үш рет ел чемпионы атанып, үш рет Суперкубокты иеленіп, үш мәрте Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығып, Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңдерінде ойнадым. Бұл бағалауға тұрарлық сәттер. Қазақстанда спорттық жетістіктерді толық сезіне алдым. Өткен жылы «Олд Траффордта» ойнадық. Ол мен үшін тіпті ерекше болды. Футбол тұрғысынан алғанда «Астана» сапында жүріп, өзіме қажет керемет эмоцияларды сезіне алдым. Жақсылықтан жақсылық іздемейді.
- Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы грузиндерге қарсы ойын туралы соңғы рет қашан ойландың?
- Шынымды айтсам, ол туралы ойланбағаныма өте ұзақ уақыт болды. Оны ойланудың не қажеті бар? Ойын бола ма, болмай ма оны ешкім білмейді. Менің ойымша, екі айдан кейін өтетін ойын туралы бірде бір футболшы ойланбайды. Оның маңыздылығына қарамастан. Грузия туралы ойлар Брест матчына дайындалуға мүмкіндік бермейді.
- Ұлттар Лигасында қазақстандықтарға қарсы ойнау қызықты бола ма?
- Әрине. Өте қызық. Чемпиондар Лигасының жеребесінен кейін де жігіттермен біраз күлдік. Брест бізге қарсылас атанғанда, олар маған: «Ой, сендерден, беларустардан біз шаршадық!» деп біраз күлді. Бірақ, ол туралы мен аз ойналамын. Барлығымыз үшін, дәл қазір футбол бірінші орында емес.