- Карантин кезінде уақытты қалай өткізіп жатырсыз?
- Барлығы сияқты үйдемін. Командалас әріпесім Антонио Рукавина менен бірнеше қабат төменде тұратыны жақсы болды, бір-бірімізге қонаққа барамыз, бірге уақыт өткіземіз. Жалпы алғанда, уақытым басқалар сияқты - ғаламтор, теледидар және спортпен айналысу сияқты дүнилермен өтіп жатыр. Бапкерлер құрамы бізге жекелей тапсырмалар жүктеді, сондай-ақ клуб үйге велотренажер әкеліп берді. Карантинге қарамастан, барынша спортпен шұғылданып, өз бабымызды жоғалтпауға тырысып жатырмыз.
- Өз бабыңызды жоғалтпас үшін немен шұғылданып жатырсыз?
- Жоғарыда айтқандай, бапкерлер құрамының берген тапсырмасын үй жағдайында барынша мүлтіксіз орындауға тырысып жатырмыз.
- Көп оқисыз ба, әлде фильм көргенді жөн көресіз бе?
- Шынын айтсам, көбіне фильм қараймын. Одан бөлек, алыстағы отбасыммен бейне байланыс арқылы жиі хабарласып тұрамын.
- Үйреншікті өмір ағынынан, қазіргідей жағдайға ауысу қаншалықты қиынға соқты?
- Әрине, өте қиын. Бірақ, қазір барлық әлем жұртшылығы осындай жағдайды бастан өткеруде. Біздің елде короновируспен күресу үшін өте маңызды құралдардың бірі төтенше жағдай енгізілді. Біз тек осыған бағынып, үй жағдайында жаттығу жасап, барлығының аяқталғанын күтуге тиіспіз. Сол кезде ғана үйреншікті өмір ағынына қайта оралып, жасыл алаңға шыға аламыз.
- "Астана" жанкүйерлеріне айтар тілегіңіз?
- Команда атынан барлық қазақстандықтарды елімізде орын алған жағдайға үлкен жауапкершікпен қарауға шақырамын. Мүмкіндігінше үйде болуға тырысыңыздар - бұл өздеріңіздің ғана емес, жақындарыңыздың да денсаулығын сақтауға көмектеседі! Ең бастысы - баршаңызға зор денсаулық пен шыдамдылық тілеймін, барлығымыз біріксек бұл эпидемияны жеңе аламыз! Жанкүйерлерге келетін болсақ, жақында ғана төрт жылдықтарын атап өткен "12-ші ойыншы" фан-клубын құттықтап, осы жылдар бойы бізге көрсетіп келе жатқан қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді!