kz

RU
EN
KZ
Камо Оганесян: «Қиын ойын болды. Әрмен қарай жұмыстанатын боламыз»
«Астананың» қорғаушысы Камо Оганесян «Ақтөбемен» өткен кездесуді қорытындылады.
27 мау 2022

– Ойын өте ауыр болды, ірі есеппен жеңілгеніміз өкінішті. Жалпы, біз жаман ойын көрсетпедік, дегенмен керек емес голдарды өткізіп, өз мүмкіндіктерімізді пайдаланбадық. Әрине, өзекті өртейтін жеңіліс, алайда осымен тоқтап қалмаймыз, әрі қарай жұмыстанатын боламыз.
– Жарақат алған ойыншылардың жоқтығы матчта өз әсерін тигізді ме?
– Айтарлықтай әсерін тигізді деп айта алмаймын, бірақ олар болғанда, бәлкім, ойын қарқыны басқаша болар ма еді. Біз «Астанамыз», сондықтан команда сапындағы барлық ойыншылар оң нәтижеге қол жеткізу үшін 100 пайызға беріліп ойнауға тиіс. Алаңда кім ойнайтыны маңызды емес, барлығы соңына дейін ойнауы керек.

Клубтың бас серіктесі «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес