kz

RU
EN
KZ
Каримов Қазақстан жастар құрамасы сапындағы 10-шы ресми ойынын өткізді
14 қаз 2020

Рамазан Каримов Қазақстан жастар құрамасы сапында Испанияға қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шықты. 

Осылайша, ол Қазақстан құрамасы сапындағы ресми ойындар санын 10-ға жеткізді. 
 Елорда футбол орталығының түлегі ЕУРО-2019 іріктеу турнирі аясындағы Черногорияға қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығып, құрама сапында 19 жасында дебют жасаған болатын. 
 Осы іріктеу турнирінде Рамазан жастар құрамасының барлық 9 ойынына қатысып, Черногория қақпасына бір гол соқты.
 Каримов ресми ойындардан бөлек, Қазақстан жастар құрамасы сапында Украина, Этстония және Латвияға қарсы үш жолдастық кездесуге қатысқан.

Бас серіктес