Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Инстат аналитикалық компаниясы «Астана» - «Қызыл-Жар СҚ» арасындағы ойынның нәтижелерін жариялады.
Осы көрсеткіштер бойынша қорғаушы Юрий Логвиненко ойынның үздігі атанды. Юрий жекелей тартыстың 83%-да жеңіске жетіп, допты тартып алуда 100% нәтиже көрсетті.
Екінші орында қақпашы Дмитрий Непогодов. Қазақстан құрамасының қақпашысы өз қақпасын құрғақ сақтап, қарсылас ойыншыларының 4 соққысын қайтарды.
Үздік үштікті Иван Маевский түйіндеді. Беларусь екінші қабаттағы тартыста 100% нәтиже көрсетіп, 91% тура пас берген.
Инстат Индекс бойынша үздік бестік:
1.Юрий Логвиненко 275
2.Дмитрий Непогодов 270
3.Иван Маевский 265
4.Урош Радакович 258
5.Дорин Ротариу 257