kz

RU
EN
KZ
Лука Шимунович - «Астананың» «Каспийге» қарсы матчтағы үздік ойыншысы
31 мам 2021

 

Instat аналитикалық компаниясы 2:2 есебімен аяқталған «Каспий» - «Астана» матчына қатысты статистикалық деректерді жариялады.

Компания ұсынған мәліметтерге сәйкес, «Астананың» бұл матчтағы үздік ойыншысы болып жартылай қорғаушы Лука Шимунович атанды. Хорватиялық футболшы бір нәтижелі пас беріп, дәл пас беру көрсеткіші (70%) бойынша үздік болды.

Екінші орында - гол соққан Тигран Барсегян. Тигран «Каспий» қақпасына 4 соққы жасап, ең көп соққы жасаған футболшы атанды.

Үздік үштікті Вараздат Ароян түйіндеді. Вато жарақатына байланысты матчты соңына дейін ойнай алмаса да, жеңіске жеткен жекпе-жектің көрсеткіші (80%) бойынша жақсы нәтиже көрсете алды.

Instat Index бойынша ТОП-5 ойыншы
1.Лука Шимунович 287
2.Тигран Барсегян 257
3.Вараздат Ароян 247
4.Валерий Чуперка 243
5.Антонио Рукавина 226

Бас серіктес