kz

RU
EN
KZ
Мәди Жақыпбаев жастар құрамасы сапында дебют жасауы мүмкін
Қазақстан жастар құрамасының бапкерлер штабы алдағы ЕУРО іріктеу турнирінің екі ойынына шақырту алған футболшылардың тізімін жариялады.
26 там 2020

«Астана» құрамынан аталмыш ойындарға шабуылшы Рамазан Каримов пен жартылай қорғаушылар Сұлтан Сағнаев және Мәди Жақыпбаев шақырту алды. Соңғысы жастар құрамасы сапында дебют жасауы мүмкін. Мәди осыған дейін 2017 жылы жастар құрамасының Түркияда өткізген оқу-жаттығу жиынына шақырту алғанымен, алаңға шықпаған еді.

Жоғарыдағы ойыншылардан бөлек, құрама сапына «Астана» командасының осы маусымды өзге ұжымдарда жалда өткізіп жатқан бірқатар футболшылары шақырту алды: қорғаушылар Лев Скворцов («Атырау»), Дінмұхамед Қашкен («Қайсар»), Талғат Кусяпов («Оқжетпес»), жартылай қорғаушылар Жасұлан Қайыркенов («Атырау») және шабуылшы Владислав Прокопенко («Ақтөбе»).

Алмас Құлшынбаев шәкірттері қыркүйек айында екі ойын өткізеді. Алдымен, 3-ші Алматыда Черногорияға қарсы ойнаса, 8-і күні Израиль құрамасымен кездеседі.

Бас серіктес