kz

RU
KZ
Магомед Адиев: «Матч ойлағанымыздай болды»
05 нау 2022

«Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев «Астанамен» (0:0) болған ойынға қатысты пікірін білдірді.

– Жақсы ойын болды. Ойын күткеніміздей болды. Матчтың басында басымдылық қарсыластарда болды, ал біздің жақтан сәл сылбырлық байқалды. 20-шы минуттан кейін біздің командада мүмкіндіктер пайда болды, алғашқы тайм аяқталуға таман қарсылас қақпасына жақсы шабуылдар жасай алдық. Өкінштісі, гол сала алмадық. 

Екінші таймда «Астана» қысым көрсете түсті, ойынды өз бақылауына алды, дегенмен біздің қақпаның алдында айтарлықтай қауіпті сәттер болды деп айта алмаймын. Бәлкім, тең нәтиже бір жағынан әділ болған шығар, бірақ айта кету керек, біздің команданың қарсы шабуылдарда жасаған сәттері әлдеқайда қауіпті болды және гол салып, жеңіске жете алатын мүмкіндігіміз жоғары болды.

– Сіз Роман Мұртазаевты негізгі шабуылшы ретінде қарастырып жатсыз ба? Әлде бүгінгі қарсыласқа байланысты шықты ма? 
– Біз чемпионатқа өте аз ойыншылар санымен қатысудамыз, егер өтініштегі ойыншылар тізімін қарар болсаңыз, дубль командадағы ойыншылар мен алаңға шықпағанына бір жыл болған футболшыны көре аласыз. Сондықтан, жарақат алған Аветисян, Ковталюк, Хозин сынды ойыншылардың жоқтығы тайға таңба басқандай көрініп тұр. Біз чемпионатты үш шабуылшымен бастаудамыз, олар: Тәттібаев, Мұртазаев және жарақат алған Ковталюк. Енді толықтай ойынға дайын деген екі форвардтың ішінен таңдаймыз. Біз әр ойыншының қасиеттерін жатқа білеміз және бұл ойында Мұртазаев көбірек қажет болды, ал Айдостың өзіне тән бөлек ерекшеліктері бар. Бұл жерде біз қарсыласқа байланысты таңдадық.

– Бұл жерде Романның қарсылас команда сапында бұрын ойнағаны шешуші рөл ойнады ма?
– Шынымды айтсам, мен бұл жайлы мүлдем ойламаппын. Негізінен, мұндай жағдайлар болады, бірақ менің ойымда бұл болмады. 

Клубтың бас демеушісі «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес