Instat талдамалық компаниясы Olimpbet – Қазақстан Чемпионатының 2 туры «Астана» - «Каспий» матчының статистикалық деректерін жариялады.
Осы деректер бойынша елордалық команданың жартылай қорғаушысы Макс Эбонг матчтың үздік ойыншысы болды. Беларусь құрамасының футболшысы қақпаға гол салумен ерекшеленді, бұл Макстың «Астана» футболкасындағы алғашқы голы болды, сондай-ақ ол 83% дәл пас беріп, жекпе-жекте 71% жеңіске жетті.
Екінші орында – Марин Томасов. Ол «Астананың» көшбасшы шабуылшысы «Каспиймен» матчта гол салумен және голдық пас бере отырып, матчта нәтижелі әрекеттерімен қоржының толтыруды жалғастыруда, осылайша қарсыластың қақпасына 3 соққы жасап, ең мықты футболшы атанды және алаңдағы матчтың финалдық үшінші кезеңінде пас беру саны жағынан көшбасшы болды.
Үздік үштікті Дмитрий Непогодов аяқтады. «Астананың» қақпашысы допты 6 рет сәтті қағып алып, өз қақпасын қорғап қалды.
Instat Index пікірінше ТОП-5
1. Макс Эбонг 289
2. Марин Томасов 278
3. Дмитрий Непогодов 256
4. Тигран Барсегян 252
5. Лука Шимунович 237