kz

RU
EN
KZ
Макс Эбонг: «Біздің міндетіміз - бапкерлер құрамының талаптарын орындау және әр ойында барынша күш салу»
27 қаз 2020

 

«Астана» Қазақстан Чемпионатының 15-ші туры аясында «Оқжетпесті» 5:1 есебімен тас-талқан етті. 
Ойын соңында елорда командасының жартылай қорғаушысы Макс Эбонг кездесу туралы пікірімен бөлісті: 

- Маңызды жеңіске қол жеткіздік. Бұл бізге алдағы ойындар алдындағы шиеленісті азайтуға көместесуі тиіс! 
- Андрей Тихонов бастаған бапкерлер құрамы бір аптадан астам уақыт бойы командамен жұмыс жасап жатыр. Оның жаттығу барысын қалай бағалайсыз? 
- Әр бапкердің футболға деген өзіндік көзқарасы бар, Андрей Вальеревич те сол қатардан. Ол жаттығу барысына өзгеріс енгізіп, біздің ойынымызды өзгертуге тырысып жатыр. Біздің міндетіміз - бапкерлер құрамының талаптарын орындау және әр ойында барынша күш салу.
- Алда чемпиондық интриганы қайта тірілтетін немесе түбегейлі өлтіретін «Қайратқа» қарсы маңызды ойын. Қалай ойлайсыз, «Астана» әлі де талас жүргізуге дайын ба? 
- Мен болжам жасағым келмейді, бәрін жұма күнгі ойында көреміз! Біз алаңға шығып, нәтижеге жету үшін бар күшімізді аямауға тиіспіз.

Бас серіктес