Беларусь құрамасы Ұлттар Лигасы аясында өз алаңында Литваны 2:0 есебімен жеңді.
Осы ойындағы екінші голды «Астана» жартылай қорғаушысы Макс Эбонг өз еншісіне жазды. Осылайша, 21 жастағы ойыншы Ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соғып отыр.
Елорда командасының тағы бір ойыншысы Иван Маевский аталмыш кездесуде 58-ші минутта алаңға шықты.