Біз 2020 жылғы қиын өткен маусымды қорытындылауды жалғастырамыз. «Астана» осы маусымда чемпионатта 20 және еурокубоктерде 2 ойын өткізді.
22 ойында 8 нәтижелі пас берген Марин Томасов команданың осы маусымдағы үздік ассистенті атанды.
Оның пасынан кейін Тигран Барсегян мен Пиерос Сотириу екі реттен гол соқса, Жарко Томашевич, Абзал Бейсебеков, Дорин Ротариу және Алексей Щеткин бір реттен көзге түсті.
Нәтижелі пастар саны бойынша орында - Тигран Барсегян. Армения құрамасының ойыншысы әріптестеріне 5 рет ассист жасаған.
Үздік үштікті 4 нәтижелі пастан берген Дмитрий Шомко мен Рунар Мар Сигурьонссон түйіндеді.
Сондай-ақ, Макс Эбонгтың еншісінде 3 ассист бар.