Instat аналитикалық компаниясы Olimpbet-Қазақстан Суперкубогының жартылай ақтық «Шахтер» - «Астана» матчының статистикасын жариялады, онда жеңіс 2:0 есебімен астаналық командаға бұйырды.
Компанияның пікірінше, бұл матчтың үздік футболшысы Марин Томасов болды. 83 минут ішінде Томасов қарсылас қақпасына екі гол соғып, 6 соққы берді, бұл екі команданың үздік көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар, Марин пас беру дәлдігінің айтарлықтай жоғары пайызын көрсетті – 72%, ол оның көп бөлігін алаңдағы ойынның соңғы үштен бір бөлігінде жасағанын ескеру қажет.
Instat Index көрсеткіші бойынша екінші орында Тигран Барсегян тұр. Тигран гол салумен көзге түсті, сонымен қатар 4 рет ереже бұзды, Семир Смайлагич та сондай көлемде ереже бұзды, басқа ешкімде ереже бұзушылық болған жоқ.
Үздік үштікті Дмитрий Непогодов толықтырды. «Астана» қақпашысы өз қақпасын қорғай алды, бұл ретте ол қарсыластың екі соққысын қайтарып, допты қағып әкетуде 8 рет сәтті ойнады.
Instat Index бойынша «Астананың» ТОП-5 ойыншысы
1. Марин Томасов 352
2. Тигран Барсегян 311
3. Дмитрий Непогодов 264
4. Жарко Томашевич 254
5. Абзал Бейсебеков, Саги Совет 243