kz

RU
EN
KZ
Марин Томасов – «Қайсарға» қарсы кездесудің үздік ойыншысы
25 қар 2020

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Инстат аналитикалық компаниясының ұсынған ақпараты бойынша, Марин Томасов «Астана» - «Қайсар» арасындағы кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Хорватиялық жартылай қорғаушы гол соғып және нәтижелі пас беріп «Қайсарға» қарсы ойындағы үш голдың екеуіне өз үлесін қосты. Сондай-ақ, Томасов аталмыш ойында қарсылас қақпасына 6 соққы бағыттап, ойындағы үздік нәтиже көрсетті.
Екінші орында орталық қорғаушы Юрий Логвиненко. Әдеттегідей, Юрий ойындағы жекелей тартыстың 88%-да жеңіске жетіп, екінші қабаттағы таласта 9 рет үздік шықты. Ал бұл ойынның абсолютті рекорды.
Үздік үштікті Қазақстан құрамасының қорғаушысы Абзал Бейсебеков түйіндеді. Абзал кездесу барысында қарсылас қақпасына 2 рет соққы бағыттап, 81% тура пас беріп, допты тартып алуда 100% нәтиже көрсетті.

Инстат Индекс бойынша үздік бестік:
1.Марин Томасов 321
2.Юрий Логвиненко 287
3.Абзал Бейсебеков 260
4.Иван Маевский 257
5.Макс Эбонг 253

Бас серіктес