kz

RU
EN
KZ
Марин Томасов – «Жетісу» - «Астана» кездесуінің үздік ойыншысы
28 қар 2020

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Инстат аналитикалық компаниясы «Жетісу» - «Астана» (1:2) арасындағы ойынның нәтижелерін жариялады.
Осы көрсеткіштер бойынша Марин Томасов ойынның үздігі атанды. «Астана» жартылай қорғаушысы екі голға да өз үлесін қосып, гол соғып және нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Ол одан бөлек қарсылас қақпасына соққы бағыттау көрсеткіші бойынша да үздік нәтиже көрсетті.
Екінші орында орталық қорғаушы Урош Радакович. Серб жекелей тартыста 13 рет үздік шығып, 96% тура пас берген.
Үздік үштікті Дмитрий Шомко түйіндеді. Қорғаушы Марин Томасовқа нәтижелі пас беріп, сондай-ақ алыс пастардың саны бойынша ойындағы көшбасшы атанды.

Инстат Индекс бойынша үздік бестік:
1.Марин Томасов 319
2.Урош Радакович 285
3.Дмитрий Шомко 281
4.Евгений Постников 275
5.Тигран Барсегян 246

Бас серіктес