kz

RU
EN
KZ
Марин Томасов «Астана» сапындағы 50-ші голын соқты
19 там 2020

 

 «Астана» Чемпиондар Лигасын «Динамо Брестке» қарсы кездесумен сәтсіз бастады. 
Осы ойында Марин Томасов астаналықтардың алғашқы голын соғып, осылайша хорватиялық жартылай қорғаушы «Астана» сапындағы мерейлі 50-ші голын өз еншісіне жазды. 
Марин Қазақстанға 2017 жылдың жазында ауысып, осы уақытқа дейін 112 ойын өткізіп, 50 гол соғып, 43 нәтижелі пасымен көзге түскен. 
Томасов голдарының басым бөлігін Қазақстан чемпионатында (36 гол) соқса, 12 гол еурокубоктерде және тағы екі голын Қазақстан Суперкубогы аясында соққан. 
Марин қазір клуб тарихындағы нәтижелі ойыншылар тізімінде үшінші орында келе жатыр. Оның алдында тек Патрик Твумаси (69 гол) және Таңат Нөсербаев (54 гол) бар.

Бас серіктес