kz

RU
EN
KZ
Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы және «Астана» футбол клубы 2022 жылы ақпараттық серіктестікті жалғастыратын болады
24 жел 2021

Бүгін Sputnik Қазақстанның елордалық мультимедиялық баспасөз орталығында «Астана» ФК-ның Бас директоры Тастанбек Есентаев пен «Россия сегодня» ХАА-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Виктор Пан келісімге қол қойды.

Құжат аясыда «Астана» футбол клубының жұмысы мен қызметі жайында ақпарат таратып, ортақ жобалар жасау жоспарланған.

«Астана» ФК Бас директоры Тастанбек Есентаев: «Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі – қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, насихаттау. Одан бөлек, еліміздегі ең үздік командалардың бірі, 6 рет чемпиондықты алған «Астана» ФК ел чемпионы болуды ғана емес, сонымен қатар Еуропаның ең мықты деген командалары сапында ойнайтын болашақ ұлы чемпиондарды, яғни футбол жұлдыздарын тәрбиелеуді мақсатты түрде жүзеге асыруға құлықты. Sputnik Қазақстанмен серіктестігіміз жоспарларды жүзеге асыруға оң ықпал етіп, дарынды балаларды көптеп спортқа тарту жолында халыққа ақпарат жеткізудің тиімді әрі оңтайлы құралы», – деді.

Бас серіктес