kz

RU
KZ
Михаил Гурман: «Астана» ойынның екінші жартысында допты бақылауда ұстады»
«Астана» Қазақстан Чемпионатының 14-ші туры аясында «Тобылды» 1:0 есебімен жеңді. Ойын барысы туралы астаналық клубтың бас директоры Михаил Гурман өз пікірімен бөлісті:
23 қаз 2020

- Барлық жанкүйерлерді, команданы «Астананың» лайықты жеңісімен құттықтаймын! Жаңа бас бапкеріміздің дебютті ойынындағы, «Тобыл» сияқты ұжымға қарсы ойындағы өте маңызды үш ұпай болды.
- Ойын нәтижесі лайықты емес екендігін көпшілігі жазып жатыр. Бұл пікірмен келісесіз бе?
- Мен бұл кездесуде болдым, ойынды өз көзіммен көрдім. Мен футболды жақсы түсінемін дей аламын, «Тобыл» бізден толықтай басым болған жоқ. Бүгін негізгі құрамның бес ойыншы болған жоқ, алайда кездесудің екінші жартысында допты толықтай бақылауда ұстадық. Біздің қақпа маңында болған гол соғатын айқын сәттер есімде жоқ. «Астана» бірінші таймда гол соғу керек болатын, ол сәтте Барсегян тиімді жерден қақпаға тура соққы бағыттай алмады!
- Михаил Ильич, чемпионат соңына жақындаған сайын, төрешілердің қателіктері туралы жиі айтылуда. Ойындағы төрешілердің жұмысына қандай баға бересіз?
- Менің ойымша, «Астана» - «Тобыл» кездесуіндегі төрешілер құрамы өте жақсы жұмыс атқарып, жоғары біліктілік көрсетті.

Бас серіктес