kz

RU
KZ
Михаил Гурман: «Команда ойын дағдарысынан шығып келе жатыр»
«Астана» турдың орталық кездесуінде «Қайратқа» 0:1 есебімен жол берді. Ойын соңында клубтың бас директоры Михаил Гурман матч туралы өз ойымен бөлісті:
31 қаз 2020

- Чемпионаттың көшбасшыларына лайық тартысты ойын болды! Әдеттегідей, дәл осындай ойындарда барлығын бір ғана гол шешеді. Өкінішке қарай, ойынға төрешілік еткен Игорь Чеснаков бірнеше айқын қателіктер жіберіп, ол ойын нәтижесіне өз әсерін берді. Бірақ, таблодағы есепке қарамастан, «Астананың» көрсеткен ойыны мені қуантты, команданың дағдарыстан шығып келе жатқаны байқалады. Бұл бізге үміт беріп, бас бапкерді таңдауда қателеспегенімізді дәлелдейді.

- Сіз ойындағы төрешілік шешуші сәт болды деп ойлайсыз ба?

- Біз тең түсіп, тіпті жеңіске жететін сәттер болды. Қарсылас өз мүмкіндігін лайықты пайданса, біз олай жасай алмадық! Дегенмен, мен нәтижеге әсер еткен кем дегенде екі сәтті атай аламын. Бірінші сәт 31-ші минутта орын алды, Евгений Постниковқа қарсы ойын тәртібі бұзылған сәтте, төреші оған назар аударған жоқ, артынша қақпамызға гол соғылды. Ал екінші таймда айып алаңында Барсегянға қарсы ойын тәртібі бұзылған кезде, төреші тағы да үнсіз қалды. Өкінішке қарай, осы маусымда «Астанаға» қарсы төрешілер жиі қателесіп, оны қарсыластың пайдасына шешіп жатыр.

Бас серіктес