Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. «Астанаға» Беларусь Чемпионы «Динамо Брест» қарсылас атанды.
Жеребе қорытындысы туралы клубтың бас директоры Михаил Гурман өз пікірімен бөлісті:
- Мен жеребеге аса көңіл аудармауға тырысамын. Себебі, Чемпиондар Лигасында оңай қарсылас жоқ. «Динамо» да солардың қатарында. Олардың өз елдерінің үздік командасы атағын жеңіп алғандығы, автоматты түрде бұл ұжым сапындағы ойыншылардың жоғары деңгейі мен команданың мықтылығын көрсетеді. Дегенмен, бізге дәл қазір өз жағдайымызға қарау қажет. Елдегі карантинге байланысты команда өте қиын жағдайға тап болып отыр. Команда соңғы рет ресми ойынды 15 наурыз күні өткізіп, одан бері 5 айға жуық уақыт ойын тәжірибесінсіз қалып қойды. Дегенмен, мен жігіттерге, командаға сенемін. Келесі кезеңге өту олардың қолдарынан келеді! Бұл өте маңызды, өйткені Чемпиондар Лигасында олар өздері немесе жаттықтырушы үшін емес, клубтың, Қазақстанның абыройы үшін күреседі!