kz

RU
EN
KZ
«Астана» - «Оқжетпес» арасындағы кездесу соңында елорда командасының бас бапкері Михал Билек ойын туралы пікірімен бөлісті:
«Астана» - «Оқжетпес» арасындағы кездесу соңында елорда командасының бас бапкері Михал Билек ойын туралы пікірімен бөлісті:
22 там 2020

 

- Бұл ойын біз үшін өте қиын болды. Бресттегі жеңілістен кейін командаға психологиялық тұрғыда оңай болған жоқ. Дегенмен, футболшылар ерекше жігер танытып, маңызды жеңіске қол жеткізді.

- Бүгін Ненад Эрич тағы да алаңға шыққан жоқ. Ол неліктен негізгі құрамнан тыс қалып жатыр?

- Ненадтың жалпы топта жаттығып жүргеніне небәрі бір аптаға жуық уақыт қана болды, ол 100% өз бабына келу үшін аздаған уақыт керек. Алайда, бізде қақпашылар арасында бәсекелестік өте жоғары. Сондықтан ешқандай уайым жоқ. Бүгін жаттығу жұмыстарында жақсы жұмыс жасап жүрген, Дима Непогодов алаңға шығып, сенімді ойын көрсетіп, бірнеше қауіпті сәттердің бетін қайтарды. Жалпы алғанда, бізде қазір жарақаттармен өте қиын жағдай. Әзірге, Юрий Логвиненко, Антонио Рукавина, Пиерос Сотириу командаға көмектесе алмайды. Одан бөлек, бүгін Урош Радакович жарақат алып қалды. Ертең ол толық медициналық тексерістен өтіп, содан кейін оның жағдайы нақты белгілі болады.

Бас серіктес