kz

RU
KZ
Михал Билек: «Әр футболшының жеке жоспары бар»
29 сәу 2020


«Астана» және Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек чехиялық «Фастава» баспасөз қызметіне карантин кезеңіндегі бос уақытын қалай өткізіп жатқандығын айтып берді, деп хабаплайды Sports.kz.
— Осындай қиын уақытты қалай өткізіп жатырсыз?
— Мен Астанадамын. Біз соңғы ойынымызды 14 наурыз күні өткіздік. Сол уақыттан бері Астана жабық. Мен уақытымның көп бөлігін пәтерде өткізіп жатырмын. Себебі, сыртта ұзақ уақыт серуендеуге болмайды. Дүкенге барып, артынша бірден үйге кіреміз. Біздің үйдің астында дүкен бар. Қыдыруға рұқсат бермейді. Ішкі істер қызметкерлері көшеде адамдарды тексеріп, бірден үйге қайтарып жатыр. Бұл жақта барлығы қатаң. Чех Республикасында да жағдай қатаң, алайда, бұл жақтағымен салыстыруға келмейді. Карантин басталғанына алты апта өтті және бәріне қиын.
— Қандай сезімдесіз? Ойыншылармен байланыстасыз ба?
— Әр футболшының жеке жоспары бар. Алайда, сыртқа шығуға рұқсат болмағандықтан, олар алты апта бойы үй жағдайында дайындалып жатыр. Біз әр ойыншыға велотренажер жеткізіп бердік. Олардың өз бабтарын жоғалтпауға арналған жоспарлары бар, алайда ол жеткіліксіз. Біздің бірге жаттықпағанымызға алты апта өтті. Бұл жағдай сәуір айының соңына дейін жалғасады. Ал әрі қарай не боларын уақыт көрсетеді.

Бас серіктес