«Астананың» жаңа ойыншысы Мохаммед Камара алғашқы ойыны жайлы, «Шахтерге» қарсы өткен матч туралы және елордалық команда сапына ауысымы жайлы сөз қозғады.
– Өте жақсы ойын болды деп ойлаймын. Біз жеңіске жетуіміз керек еді, себебі кездесу басынан соңына дейін үстемдік таныттық, дегенмен бұл маусымдағы алғашқы матч, кей кезде осылай күткеніміздей болмай жатады.
Жеке мен үшін – керемет болды: алаңда командаға қосылып, өнер көрсете алдым. Алдағы уақытта ойындарда жеңіске жетіп, жанкүйерлерімзді қуантамыз деп сенемін.
Қазір мен командамен танысу үстіндемін және бапкердің ойын мәнерін түсінуге тырысудамын, оған қоса, әріптестерімнің есімдерімен танысып жатырмын. Бастысы, бүгін алаңда жігіттермен ойнаудың сәті түсті. Бұл менің командаға сіңісуімді тездетеді деп ойлаймын.
Клубтың бас серіктесі «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ