kz

RU
KZ
Назми Грипши – 2025 жылғы ҚПЛ-дің үздік сұрмергені
«Астана» клубының және Албания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Назми Грипши 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) сұрмергендер бәсекесінде жеңіске жетті.
14:26, 04 қар 2025

Грипши маусым барысында «Астананың» барлық 26 ойынына қатысты. Ол 16 гол соғып, ҚПЛ сұрмергені атағын мансабында алғаш рет иеленді. Сонымен қатар, 28 жастағы албаниялық футболшының еншісінде 7 нәтижелі пас бар – бұл көрсеткіш бойынша одан тек хорватиялық командаласы Марин Томасов қана озып тұр.

Осылайша, Грипши «гол+пас» жүйесі бойынша да үздік атанып, 23 ұпай (16+7) жинады. Екінші орында Томасов – 21 ұпай (12+9).

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес