kz

RU
EN
KZ
Ненад Эрич – Премьер-Лигадағы 250-ші ойынын өткізді
25 қыр 2020

 

«Астана» футбол клубының 38 жастағы қақпашысы Ненад Эрич Премьер-Лигадағы 250-ші ойынын өткізді деп хабарлайды 
KazFootball.kz сайтының тілшісі. 

Оныншы тур аясындағы «Қайсарға» қарсы кездесу Премьер-Лигадағы 250-ші ойыны ретінде тіркелді. Ненад осы 250 ойынды алматылық «Қайрат» және елордалық «Астана» сапында өткізді. «Қайрат» сапында 31 ойын (35 гол жіберген) және «Астана» сапында 219 ойын (185 гол жіберген). Жалпы Премьер-Лигада өткізген 250 кездесуде өз қақпасына 220 гол жіберген. Ол Премьер-Лига  тарихында 250 және одан көп ойын өткізген оныншы қақпашы.

Бас серіктес