kz

RU
EN
KZ
Ненад Эрич – жанкүйерлер таңдауы бойынша «Астананың» қазан айындағы үздік ойыншысы 
09 қар 2020

 
Қалыптасқан дәстүрге орай, әр айдың соңында үздік ойыншы анықталады. Команда қазан айында «Каспий», «Тобыл», «Оқжетпес» және «Қайратқа» қарсы екі рет, жалпы саны бес ойын өткізді. 

Осы айда сауалнаманы екі кезеңде жүргізу туралы шешім қабылданды. Алдымен, Вконтакте желісіндегі парақшада жанкүйерлер назарына қазан айында алаңда көп уақыт өткізген он футболшы арасында таңдау жасау ұсынылды. 

Дауыс беру әрі қарай Instagram-дағы ресми парақшада жалғасты. Ол жақта жанкүйерлерге төмендегі бес футболшының арасынан үздігін таңдау қажет болды: Жарко Томашевич, Марин Томасов, Абзал Бейсебеков, Тигран Барсегян және Ненад Эрич. 

Нәтижесінде елорда командасының қақпашысы Ненад Эрич қазан айының үздік ойыншысы атанды. Екінші орында Тигран Барсегян, ал үштікті Марин Томасов түйіндеді.

Бас серіктес