kz

RU
EN
KZ
Ненад Эрич: «Ұнжырғамызды түсірмей, лайықты қорытынды шығарып, алға жылжу маңызды»
01 қар 2020

«Астана» турдың орталық кездесуі аясында «Қайратқа» 1:0 есебімен жол берді. 

Ойыннан кейін елорда командасының капитаны кездесу туралы пікірімен бөлісті: 

- «Қайратқа» қарсы ойында өкінішке қарай жеңіліп қалдық. Біз ойынға тек жеңіс үшін шыққан едік, бірақ бұл футбол! Мен команда атынан осы ойынның және бүкіл маусымның нәтижесі үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді. Ойындардың көрермендерсіз өткендігіне қарамастан, біз жанкүйерлеріміздің қолдауын сезінеміз, оларды Алматыда көргенімізге қуаныштымыз. «Астана» соңғы жылдары барлығын бірінші орынға және еурокубоктердің топтық кезеңдеріне қатысуға үйреткенін түсінеміз, бірақ биылғы жыл барлық жағынан қиын болды. Қазір ең бастысы ұнжырғамызды түсірмей, лайықты қорытынды шығарып, алға жылжу маңызды. 
- Чемпиондыққа тек матиматикалық тұрғыда мүмкіндік қалды, алайда чемпионат әлі де жалғасуда. Команда алдында қандай міндет тұр? 
- Біз әр ойынға бір ғана мақсатпен, яғни жеңіс үшін шығуымыз керек. Алда бес ойын бар, біз жанкүйерлерімізді және клубымызды жеңістермен қуантқымыз келеді!

Бас серіктес