kz

RU
EN
KZ
Ненад Эрич 16-шы турдың үздіктер құрамына енді
03 қар 2020

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының баспасөз қызметі футболшылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Инстат аналитикалық компаниясының ұсынған ақпараты бойынша, 16-шы турдың үздіктер құрамын жариялады. 11 үздік ойыншының қатарына «Астана» капитаны Ненад Эрич енді. Тәжірибелі қақпашы өткен турда өз командасының жеңілісіне қарамастан, тамаша ойын өткізді. Эрич 6 соққыны қайтарып, 2 тамаша сейв жасады. Сондай-ақ, Ненад қақпадан шығып допты қайтару сәтінде 5 рет сенімді ойнады. Іс-қимыл индексі – 248.
Айта кетейік, Ненад Эрич осымен екінші мәрте турдың үздіктер құрамасына еніп отыр.

Бас серіктес