Instat аналитикалық компаниясы Черногория - Қазақстан арасындағы жолдастық кездесудің статистикалық мәліметтерін жариялады, соның негізінде «Астананың» екі футболшысы Дмитрий Непогодов пен Абзал Бейсебеков үздік бес ойыншының қатарына енді.
Непогодов Черногрияға қарсы 90 минут ойнап, өзінің Қазақстан құрамасы сапындағы үшінші «құрғақ» ойынын өткізді. Instat Index 252
Бейсебеков бірінші таймда өзіне таныс емес орталық қорғаушы позициясында ойнап, Instat Index 237 бойынша жоғары көрсеткішіне ие болды.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Ұлттар Лигасы аясында Албанияға қарсы өткізеді.