«Астана» футбол клубы «Карабах» (Әзербайжан), «Маккаби» (Израиль), «Динамо» (Грузия) командаларымен бірге төртінші таңдаулылар тобына түсті.
Осылайша, елорда командасына Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңінде қарсылас атануы мүмкін 4 команда анықталды. Олар: «Динамо» (Брест, Беларусь), «Рига» (Латвия), «Тирана» (Албания) және «Силекс» (Солтүстік Македония).
Жеребе тарту рәсімі бүгін, яғни 9 тамыз Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де өтеді.
Тікелей көрсетілім uefa.com сайтында қолжетімді болады.
Бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 18/19 тамыз күндеріне жоспарланған.