kz

RU
KZ
Пиерос Сотириу: «Жетістікке жету үшін, біз үйде болумыз керек»
10 сәу 2020


Қазақстанның алты дүркін чемпиондарының жаңа ойыншысы біздің елде ғана емес, өз Отанында да мұқият бақылауда. Маусым аралық үзіліс кезінде «Астана» құрамын толықтырған даниялық «Копенгаген» және Кипр құрамасының шабуылшысы Пиерос Сотириу Super Sport FM 104.0 радиосының эфиріне сұхбат беріп, Қазақстандағы дәл қазіргі жағдайды және өз мансабының жаңа кезеңі туралы айтып берді.
Республикалық Sports.kz интернет-порталы ҚПЛ-ның жұлдызды жаңа ойыншысының берген сұхбатын аударып, ел футболы жанкүйерлерінің назарына ұсынғанды жөн көрді.
Қазақстан туралы
— Ең алдымен назар аударуға тиіс дүниелерге тоқталайын. Бірінші кезекте әуежайлар жабылып қалып, шетелдік азаматтардың елге келуіне тиым салынды. Тіпті, ішкі рейстерге де тоқтау қойылды. Біз біріншілік аясындағы екі турды өткізгеннен кейін, барлығы жабылды. 25-ші наурыздан бастап барлығы өз үйлерінде. Тікұшақтармен патрульдеу жүргізіліп, артынша олар ауаны зарарсыздандырды. Қазір бізде 500 жағдай бар, бұл Қазақстан үшін аз. Адамдар алғашқы күннен бастап тәртіпке бағынып, Президенттің жарлығын орындауға кірісті, барлығы үйлерінде. Бұл бізге берілген сынақ. Біз қандай да бір жетістікке жету үшін үйде болуымыз керек. Және бізден осы тұрғыда тиісті жауап болуы қажет.
Чемпионатпен не болатыны туралы қандай да бір ақпарат бар ма
— Біз әзірге ештеңе білмейміз. Карантин 16-шы сәуірге дейін. Алайда, оның тағы да созылатыны жайында нақты хабарымыз жоқ.
Жақын адамдарымен қарым-қатынасы туралы
— Мен олармен әрдайым байланыстамын. Жаңа технологияның мүмкіндіктері болмағанда, мен есімнен адасуым мүмкін еді. Қазір олардың жанында болып, құшағыма алғым келеді. Біз адамдардың өліп жатқанын түсініп, үйде қалуымыз керек. Себебі, денсаулық - бәрінен жоғары.
Жаттығу жұмыстары туралы
— Мен қазір қонақ үйдемін. Біздің өз стадионымыз осында, алайда, белгілі бір жағдайларға байланысты үйдегі кездесулерді басқа қалада өткізуімізге тура келді. Сондықтан да менде пәтер тауып алатын мүмкіндік болған жоқ. Бұл жерде спортзал бар, онда тек «Астана» ойыншылары жаттыға алады. Мен барынша өз бабымды жоғалтпауға тырысамын, ал ол қаншалықты қолымнан келгендігі осы жағдай аяқталған соң нақты көрінетін болады.
Қазақстан чемпионаты туралы
— Мен маусымды өте жақсы бастап, Чемпионатта екі, Суперкубокта бір гол соқтым. Біз қазір алғашқы сатыдамыз. Чемпионат жалғасқаннан кейін де сол сатыдан түспейміз деген сенімдемін.
Қазақстанға бейімделу туралы
— Бейімделу қиын болды. Мен Еуропадан алшақ орналасқан командаға, басқа мәдениет, өзге әлемге келдім десем болады. Дегенмен, бұл команда жоғары кәсіби деңгейде қалып, жыл сайын чемпионатты жеңіп, еуропаның клубтық турнирлерінде жетістікке жетуге тырсады.
«Копенгагендегі» мансабы туралы
— Мен ол жақта керемет уақыт өткіздім. Екі жарым жыл ойнаған командадан кеткендегі толқыныстың болуы заңдылық. Ал «Астана» жасаған ұсынысқа келер болсақ, бұл бір қызық болды. Бұл менің бірден қабылдаған шешімім болған жоқ. Мен өзім сенім артатын адамдармен ақылдасып, келесі қадам жасауға келісім бердім. Менің шешім қабылдауым үшін 24 сағатым ғана болды. Бірақ, мен соңғы сәтте өз келісімімді бердім.
«Астанаға» ауысуы туралы
— Кипр футболшысына шетелдік клубтың назар салуы көп дүниені аңғартса керек. Бұл менің мансабыма өз көмегін береді деген сенімдемін. Менің үш жылдық келісімшартым бар. Мен өзімнің және команданың алға қадам жасауына көмектесуім қажет. Барынша тыңғылықты еңбек етіп, ілгері жылжуға тиіспін. Мен өзімнің қабылдаған шешімімді қолдаймын.
Футболдағы мансабы туралы
— Менің мансабымды маған, өзімнен басқа ешкім сыйлаған жоқ. Әрине, маған көмектескен және өзімді көрсетуге уақыт берген жаттықтырушылар болды, оларға қарыздармын, бірақ мен өз жұмысымның арқасында осындай жетістікке жеттім деп ойлаймын.

Бас серіктес