kz

RU
EN
KZ
Пиерос Сотириу - қараша айының үздік ойыншысы
06 жел 2020

Қалыптасқан дәстүрге орай, әр айдың қорытындысы бойынша клубтың әлеуметтік желілерінде «Астананың» үздік ойыншысын анықтау бойынша сауалнама өтеді.

VK тобындағы жанкүйерлерге қараша айында өткен ойындарда ең көп алаңда уақыт өткізген он футболшының біреуін таңдау ұсынылды.

Нәтижесінде елорда командасының шабуылшысы Пиерос Сотириу үздік атанды. Кипрлік ойыншы қараша айында үш гол соғып, Дидар Жалмұқанға бір нәтижелі пас берген.

Осы айдағы екінші үздік ойыншы Марин Томасов. Хорват «Жетісу» және «Қайсар» қақпасына гол соғып, Сотириуға нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ, үздік бестікке Тигран Барсегян, Абзал Бейсебеков және Макс Эбонг енді.

Бас серіктес