kz

RU
KZ
Пиерос Сотириу: «Біз күштіміз, тәжирибеміз жеткілікті және бізде жеңімпаздардың рухы бар»
«Астана» футбол клубының кипрлік шабуылшысы Пиерос Сотириу Sports.kz республикалық интернет-порталына арнайы сұхбат беріп, карантин кезінде немен айналысқанын айтып
02 мау 2020


— Пиерос, Сіз жаңа елге, жаңа клубқа ауыса сала карантинге жабылдыңыз. Сіздің мансабыңызда осындай дүние болатынын күткен бе едіңіз?
— Шынын айтуым керек, бұл мен үшін ерекше жағдай болды. Бұл дүниемен күресу мен үшін оңай болған жоқ. Дегенмен, ол менің қолымнан келді және мен үшін өмірлік тәжәрибе болды. Сондай-ақ, күтпеген жағдайларға қалай дайын болу керек екендігін үйрендім.
— Сіз қазақстандық дәстүрлерге қаншалықты дайын болдыңыз? Карантин кезінде тамаққа тапсырыс беру және тағы да басқа дүниелер тұрғысынан қиындықтар болған жоқ па?
— Қазақстандықтар өте ерекше. Карантин кезінде қонақ үйдің қызметкерлері маған ерекше көмектесті. Мен дәл осы қонақ үйден тамаққа тапсырыс бердім. Дегенмен, мен өзімнің аспаздық қырымды біршама жақсартып алдым.
— Сіз жабық кешенде жатқаныңызға қарамастан, әлеуметтік желіде барынша белсенді болдыңыз. Ішіңіз пысқан сәттер болған жоқ па?
— Әрине, мен белсенді жанмын. Facetime, WhatsApp, интернет, Neflix және бейне ойындар карантин кезіндегі менің ең жақын достарыма айналды.
— Соңғы уақытта Кипрлік БАҚ өкілдері футболшылардың ішінен Сіз туралы жиі жазып жүр. Өз Отаныңыздағы ақпарат өкілдерінен дәл осындай қызығушылық болады деп күттіңіз бе?
— Шынында, мен өз елімде танымал футболшымын. Мен Кипрді және оның тұрғындарын жақсы көрем, әрі біздің елдегі өмір сүру салты маған ұнайды.
— Нұр-Сұлтан қаласы Сізге ұнады ма?
— Әр күн сайын мен қаланың жаңа жерлерімен танысып, әрі оған үйреніп жатырмын. Бұл жердегі адамдар өте қонақжай.
— Осы жылғы футбол маусымы өз мансабыңыздағы ең ерекшесі болар. Әлде, басқа нұсқалар бар ма?
— Әрине, Covid-19 — бұл барлық әлемге, әсіресе футболға өз әсерін берген ерекше жағдай болды. Алдағы уақыт футбол үшін мүлде басқаша болары сөзсіз. Бірақ, оның қай жағына өзгерерін ешкім де болжап біле алмайды.
— Сіз маусымды сәтті бастап, бірден гол соға бастадыңыз. Ұзақ мерзімді үзіліс Сіздің нәтижелі ойыныңызға өз әсерін беруі мүмкім бе?
— Мен барынша еңбектеніп жатырмын. Маусым қайта жалғасқаннан кейін, барынша өз қолымнан келгенін жасап, нәтижелі ойынымды жалғастыратын боламын.
— Маусым қайта жалғасатын уақыт Қазақстандағы ең ыстық мерзімге сәйкес келеді. Сізді дәл мұндай ауа райы қорқытпайтын шығар?
— Мен дәл сондай ауа райында ойнап үйренгенмін! Маған сеніңіз, ол мен үшін мүлде мәселе болмайды.
— Ұзақ мерзімдегі үзіліс «Астана» футбол клубының алдағы мақсаттарына кері әсерін беруі мүмкін бе?
— Біз күштіміз, тәжирибеміз жеткілікті және бізде жеңімпаздардың рухы бар. Сондықтан, өз мақсатымызға жету жолында кез келген қиындықты жеңуге дайынбыз. Алға, «Астана»!

Бас серіктес