«Астана» шабуылшысы Пиерос Сотириу Super Sport FM 104.0 радиосына сұхбат беріп, қазақстандық команда сапында өз алдына қандай мақсат қоятынын айтты деп хабарлайды Sports.kz.
— Біз маусымды жақсы бастап, Суперкубокта жеңіске жетіп, чемпионатта көш бастап келеміз. Бұйырса қараша айында осы елдегі алғашқы чемпиондығымды тойлаймын деген үміттемін. Сондай-ақ біз Қазақстан Кубогын да жеңіп алғымыз келеді. Алайда, біздің басты мақсатымыз - Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығу. Мен міндетті түрде Чемпиондар Лигасында ойнағым келеді. Мен үшін «Астана» сапына қосылу оңай шешім болған жоқ. Дегенмен, дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Барлығы ендігі артта қалды. Мен командама барынша көмектесіп, өзімді жекелей дамытып, еурокубоктерде ойнағым келеді.
Пиерос осы маусымда өткізген төрт ойында 3 гол соқты. Одан кейін, наурыз айының ортасында короновирус індетіне байланысты Қазақстан чемпионаты тоқтап қалған еді.