kz

RU
KZ
Алматыда «Астананы» қолдаңыз!
27 шіл 2024

«Астана Арена» стадионының жөндеу жұмыстарына жабылғаны себепті біздің клуб ойындарын Алматы қаласында өткізетіні белгілі. «Астана» футбол клубы еліміздің намысын халықаралық аренада – УЕФА Конференциялар лигасында қорғайтын болады, осы уақытқа дейінгі тамаша жетістіктеріне бірге куә болғанбыз. Көк-сарылар командасы ауыз толтырып айтар нәтижелерге қол жеткізіп, күш-жігері мен кәсіби деңгейін қаншама рет дәлелдей білді.

Енді баршаңызды «Астанаға» жалынды қолдау көрсетіп, жанкүйерлер секторында бірге тұруға шақырамыз! Тарихқа айналар сәттің бір бөлшегі болыңыз және алаңда барын салған аяқдопшыларымызды қолдап, олардың жеңіске деген жігерінен, биіктен көрінуге деген құлшынысынан шабыт алыңыз. Осы бір қызық та ауыр сәтте жанкүйерлер отбасының мүшесі болу мүмкіндігінен құр қалмаңыз.

Сіздерге ыңғайлы болуы үшін Астанадан Алматыға дейін және кері бағытта тегін трансфер – автобустар ұйымдастырылады. Жаңа белестерге жету жолында бізді қолдап, футбол мен қазақ спортына деген сүйіспеншілігіңізді көрсетіңіз!

Барлық сұрақ бойынша «Астана» ФК менеджеріне +7 778 590 9808 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Тарихты бірге жасайық!

Бас серіктес