kz

RU
EN
KZ
Күшіміз бірлікте
Түрік елінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында «Астананың» негізгі құрамы тимбилдинг өткізді.
26 қаң 2022

Бапкерлер штабы мен футболшылар командадағы бірлік пен татулықты нығайту мақсатында футбол тақырыбында киуз ұйымдастырды. Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, «Астаналық» бас бапкер Срджан Благоевичтің сұрақтарына жауап берді. 

Ең жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз деп танылса, ең төмен көрсеткіш үшін ұтылған топ ән орындап берді. Өзара құрмет, сыйластық пен достықты ту еткен біздің жігіттерге бұл тимбилдинг керемет әсер сыйлады.

Бас серіктес