- Біз бүгін өте нашар нәтиже көрсеттік. Қақпамызға жоқ жерден гол жіберіп алдық. Қақпамызға гол жібергенге дейін ойын барысын бақылауда ұстағанымызбен, артынша тұрақтылықты жоғалтып, ойын көрсете алмадық. Қарсыластың қорғаныста сауатты ойнайтынын алдын ала білген едік. Бізге гол соғатын сәттер жетіспеді. Соңғы 30 минутта команда қатты қобалжып, алыс пастармен ойнай бастады. Мен командаға тек үш күн бұрын ғана келдім. Осындай қысқа уақытта бірдеңе өзгерту мүмкін емес. Алайда, мен команданың орындауында жақсы ойын күткен едім.
- Бүгін Сотириу соңғы 30 минутта ғана алаңға шықты. Ол ойынға толықтай дайын емес па?
- Пиеростың жарақаты болды. Біз оны алаңға шығару арқылы үлкен тәуекелге бардық. Ол бізге көмектесе алатын, өте жақсы шабуылшы.
- Қазір құрамалардың ойынына байланысты үзіліс орын алады. Бұл жағдай командаға жақсы жағынан әсер етуі мүмкін бе?
- Әрине, үзіліс бізге жақсы жағынан әсер етеді деп ойлаймын. Бізде негізгі құрамның 7 ойыншысында, Сотириудан бөлек, Рукавина, Томашевич, Радакович, Сигурьонссон, Логвиненко және Щеткиннің жарақаты бар. Олар үзілістен кейін қалыпқа келіп, жағдай жақсы жаққа өзгереді деп үміттенеміз.