Ойынға пікір білдіру өте қиын. Мен клуб құрылымында жұмыс жасап жатқан 2 жылға жуық уақыттағы ең нашар күн болды! Біз өте ауыр жеңіліске ұшырадық. Мен бас бапкер ретінде барлық жауапкершілікті өз мойыныма аламын. Бірақ дәл қазір біздің әрқайсымыз үшін лайықты қорытынды шығару өте маңызды. Кімнің бас бапкер болатындығына қарамастан, «Астана» сияқты үлкен клуб тек қана алға қадам жасауы тиіс.