kz

RU
KZ
Пол Эшуорт: «Барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын»
17 қыр 2020

«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында Черногория чемпионы «Будучность» командасына 0:1 есебімен жол беріп, еурокубоктердегі жолын аяқтады. 

Ойын соңында елорда командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Пол Эшуорт кездесу туралы пікірімен бөлісті: 

— Біз бірінші таймды өте нашар өткіздік деп есептеймін. Ал екінші таймда ерекше жігер көрсетіп, жақсы ойнадық. Біздің футболшылар психологиялық тұрғыда ойынға дайын болмағаны анық көрінді. Біздің футболшыларда алғашқы минуттан бастап қорқыныш болды ма, өзімізге тән ойын үлгісін көрсете алмадық. Мүмкін біз жеңіліп қалудан қорыққандықтан ба, бізге сенімділік жетіскен жоқ. Екінші таймда барлығы жақсы болғанымен, бәрі кеш болды. Бізде гол соғатын мүмкіндіктер болғанымен, шабуылды соңына дейін жеткізе алмадық. Мұндай сәттерде айырмашылық анық байқалады — кім Еуропа Лигасында қалады, ал кім қалыс қалады. Бірақ мен жауапкершілікті өз мойныма аламын, өйткені мен бас бапкермін. Мен осы психологиялық сәттердің бәрін алдын — ала білуім керек еді.

Бас серіктес