kz

RU
KZ
Негізгі құрамның бес ойыншысы «Таразға» қарсы ойнамайды
Бүгін, 4 қараша, «Астана» футбол клубы құрама командаларға байланысты үзіліс алдындағы соңғы ойынын «Таразға» қарсы өткізеді.
04 қар 2020

Елорда командасының бас бапкері Андрей Тихонов аталмыш кездесуде негізгі құрамның төрт футболшысына сенім арта алмайды.

Жарақаттарына байланысты қорғаушылар
Лука Шимунович пен Урош Радакович, жартылай қорғаушы Дорин Ротариу және шабуылшы Пиерос Сотириу командаға көмектесе алмайды. Сондай-ақ, сары қағаздар санының көптігіне байланысты Тигран Барсегян ойынға қатыспайды.

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Бас серіктес