Қазақстан құрамасы Черногорияға қарсы жолдастық кездесу өткізіп, Подгорицада тең нәтижеге қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы сапында «Астананың» үш футболшысы қақпашы Дмитрий Непогодов, сондай-ақ, қорғаушылар Юрий Логвиненко мен Абзал Бейсебеков негізгі құрамда алаңға шықты.
Екінші таймда елорда командасының тағы екі футболшысы - жартылай қорғаушы Юрий Перцух пен шабуылшы Алексей Щеткин алаңға шықты.