Жаңа бас бапкер Андрей Тихонов бастаған негізгі құрамның бапкерлер штабының шешімімен команданың жаттығуларына «Астана-М» сапынан бес футболшы шақыртылды.
Осылайша, Алматыдағы команда құрамына қорғаушылар Самат Мәжит (20 жаста) және Рахат Маратов (19 жас), жартылай қорғаушылар Нұржан Қуанышқалиев (20 жас), Санжар Шураханов (18 жас) және Мейрамбек Қалмырза (17 жас) қосылды.
Бесеуі де клубтың тәрбиеленушілері және осы маусымда Екінші Лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігіне қатысты.