Оң қапталдағы қорғаушы: Лука Шимунович, «Астана»;
«Жетісуға» қарсы кездесуді Шимунович жоғары деңгейде өткізді. Хорватиялық ойыншы қорғаныста сауатты ойнап, 5 рет допты тартып алып, 10 рет қарсылас ойыншыларына тосқауыл қойды. Лука 11 рет жекелей тартысқа түсіп, оның 9-да жеңіске жетті. Инстат көрсеткіші - 263.
Орталық қорғаушылар: Жарко Томашевич, «Астана»; Урош Радакович, «Астана»;
Жарко Томашевич — өткен турдың басты қаһармандарының бір. Балқандық қорғаушы стандарттық жағдайларда сәтті өнер көрсетіп, қарсылас қақпасына бағыттаған үш соққысының екеуін голға айналдырды. Жарко статистикаға сәйкес жекелей тартыста 10 рет жеңіске жетіп, 12 рет тосқауыл қойып, 6 рет допты тартып алған. Инстат көрсеткіші - 361.
Урош Радакович өзінің әріптесі Томашевич сияқты стандарттық жағдайларда қауіпті сәттер тудырмағанымен, өз қақпасын қорғауда сенімді ойын көрсетті. Серб талдықорғандық команданың шабуылшыларына айып алаңында ойнауға мүмкіндік бермеді. Ол жекелей тартыста 100% нәтиже көрсетті, сондай-ақ 92 тура пас берді. Инстат көрсеткіші - 280.
Сол қапталдағы қорғаушы: Абзал Бейсебеков, «Астана»;
Бейсебеков екінші рет қатарынан өз позициясының үздігі атанып отыр. Абзал екі жақты теңдей ұстап, жақсы қорғанып, шабуылда белсенділік танытты. Ол өткен турда 4 рет таза допты тартып алып, 11 мәрте тосқауыл қойып және де еншісіне бір гол жазды. Инстат көрсеткіші - 299.
Оң қапталдағы жартылай қорғаушы: Марин Томасов, «Астана»;
Марин ақырындап өз бабын тауып келе жатыр. Елорда командасының хорватиялық көшбасшысы өткен турда еншісіне нәтижелі пас жазды. Томасов 3 рет қарсылас ойыншыларын қапыда қалдырып, екі рет допты тартып алған. Инстат көрсеткіші - 286.
Айта кетейік, Шимунович алғаш рет таңдаулы құрамға енсе, Бейсебеков, Томашевич және Радакович осыған дейін өз позициясында бір реттен үздік атанған, ал Томасов үздік-11 ойыншының қатарына үшінші рет еніп отыр.