kz

RU
KZ
Жастар құрамасының бес ойыншысы командаға қосылды
18 қар 2020

«Астананың» Қазақстан жастар құрамасы сапындағы бес ойыншысы Алматыдағы команда құрамына келіп қосылды. 

Осы маусымда команда сапына тіркелген жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев және кешегі ойында гол соққан шабуылшы Рамазан Каримовтан бөлек, командаға Жасұлан Қайыркенов пен Лев Скворцов оралды. Екі ойыншының да «Астанамен» келісімшарттары бар, бірақ, 2020 жылғы маусымды «Атырау» сапында жалда өткізіп, Бірінші Лиганың жеңімпазы атанды. 

20 жастағы Қайыркенов 12 ойында 3 гол соғып және 3 ассист жасап Бірінші Лигадағы нәтижелі ойыншылардың қатарына енді. Ал оның құрдасы Скворцов 10 ойында алаңға шықты.

Бас серіктес